

Street art. BATYR BEINESI 500 теңге 31 грамм proof Казахстан
Сипаттамалар
- Ел
- Казахстан
- Номинал
- 500 ₸
- Металл
- Ag 925
- Салмақ
- 1oz (31,1 гр.)
- Диаметр
- Тираж
- 5000
- Сапа
- proof
- Жыл
- 2022
Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы қазақстандық мәдениетте айрықша орын алатын көрнекті композитор әрі орындаушы Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толуына арналған. Номиналы 500 теңгелік күміс монета естелік сюжеттер мен заманауи көркем образдарды біріктіретін «Тиындарды зерттей отырып – Қазақстанды аш» атты жаңа серияны ашады.
Street art. BATYR BEINESI шығарылымының идеясы екі маңызды тақырыпты ұштастырады: өзекті өнерді қолдау және Батырхан Шүкеновті еске сақтауға. ҰБК үшін бұл шығарылым заманауи жастар өнерін қолдау мақсатында жасалған алғашқы бірлескен монеталық жоба болды.
Монетаның безендірілуінде қазақстандық стрит-арттың ең көзге түсетін туындыларының бірі — REPAS командасы жасаған «Стена Батыра» граффитиі пайдаланылды. Осы туындыны монета дизайнында пайдалануға құқықты авторлар өз бастамасымен ҰБК-ге өтеусіз берді.





